ЭКСПО-2017 • 09 Маусым, 2017

EXPO-2017. Салтанатты ашылуы театрландырылған көрініспен басталды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты жағдайда ашылуы театрландырылған көрініспен басталды.

EXPO-2017. Салтанатты ашылуы театрландырылған көрініспен басталды

Онда жер-анадан, күннен және судан қуат алған алып сфера дүниежүзін айнала ұшып қазақ даласына, Астанаға келеді. Сонымен қатар, көріністе сонау бабалар заманы мен бүгінгі жаңа заман тынысы суреттелген. Алып сфера қалықтай жүріп, қазақ даласы арқылы адамзат әлеміне шуақ шашады.

Халықаралық шарадағы Қазақстан ұлттық павильонының да алып сфера түрінде бой көтергенін еске саламыз. Оның биіктігі 100 метрге созылса, диаметрі 80 метр болады.

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген 

Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»