ЭКСПО-2017 • 10 Маусым, 2017

ШҚО тұрғындары ЭКСПО павильондарын бiрiншi болып тамашалады

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары халықаралық ЭКСПО көрмесінің павильондарын алғашқылардың қатарында тамашалады.

ШҚО тұрғындары ЭКСПО павильондарын бiрiншi болып тамашалады

Үржар ауданының 150 тұрғыны бүгін Ресей мен Малайзия елдерінің павильондарын көріп, таңданыстарын жасыра алмады.
Барқытбелдің баурайынан Елордаға арнайы барған тұрғындардың жасы ең үлкенi 85 жастағы Нұрмағанбет Кәрімов ақсақал.

"Көрме қалашығы ғажап екен. Көрген де арманда, көрмеген де арманда. Бұл жерден адам санасының қаншалықты биік деңгейге жеткенін көруге болады", - дейді қария. 

Үржар ауданынан кейін көрмені Бесқарағай мен Зайсанның тұрғындары тамашалайтын болады.

Азамат ҚАСЫМ, 
"Егемен Қазақстан"