Қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында әрі ЭКСПО көрмесінің кешеніне тез жету үшін қалада 12-қыркүйекке дейін 11 772 машина сыятын 14 арнайы тұрақ жұмыс істейтін болады, - деп хабарлады Астана LRT компаниясының өкілдері Елорда әкімдігінің медиа орталығына.
«Көлік қоятын орындар келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан: Елорда саябағы, «Қазақстан» СК, Оқушылар сарайы, «Астана арена», «Барыс арена» стадиондары, «Думан» ОСО, қала саябағы, бейбітшілік және келісім сарайы, Мәңгілік Ел және Тұран даңғылдары, «Music Hall» мейрамханасы, «Алатау» СК, 31-көше, «Хан Шатыр» ОСО», - делінген компания хабарландыруында.
Толығырақ мына карта арқылы таныса аласыздар
«Көліктеріңізді тастап, аялдамаларға сирек тоқтайтын (орташа есеппен 8) ЭКСПО аумағының бойымен өтетін Shuttle Bus автобусымен 7 бағыт бойынша қатынай аласыздар. Автобустар таңертеңгі сағат 6.50-ден түнгі 23.46 дейін жүреді», - делінген баспасөз парағында.
Shuttle Bus бағыттарының интерактивті картасы.
Жүру аралығы – 5-20 минут. Билет құны – 150 теңге.
Бағыттар:
№503: «Алай» көлік хабы –«Арнау» ТК
№504: «Достар-1» ТК – клиникалық-бейімдеу орталығы
№506: «Кенмарт» СОО – «Қазанат» ипподромы
№500: халықаралық әуежай – «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы
№502: «Астана» теміржол вокзалы – «Арнау» ТК
№501: «Рахмет» ОСО– клиникалық-бейімдеу орталығы
№505: «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы – «Арнау» ТК