Қазақстан • 11 Маусым, 2017

Астана тұрғындарына қандай әкімшілік айыппұлдар жиі салынады?

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІД жергілікті полиция қызметі 2017 жылғы қаңтардан бастап тәртіп бұзушыларға жиі салынатын әкімшілік айыппұл түрлерінің тізбесін жасады, деп хабарлады elorda.info.

Астана тұрғындарына қандай әкімшілік айыппұлдар жиі салынады?

1. Қала көркіне нұқсан келтіру, инфрақұрылым нысандарын бұзу, көгалдандырылған жерлерді жайпау фактісі бойынша – 13394 қылмыс жасалған. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл- 45380 тенге.

2. Рұқсат етілмеген орындарда темекі шегу бойынша 9857 факті тіркелген. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл 6807 тенге.

3. Мас күйінде қолға түсу бойынша – 8716 заңсыздық анықталған. Айыппұл - 11345 тенге

4. Жұрттың тынышын алу (түн уақытында 23:00-06:00-ге дейін) – 3 052 заңсыздық жасалған. Айыппұл - 11345 тенге.

5. Бұзақылық – 2286. Айыппұл-22690 тенге немесе 10 күнге әкімшілік қамауға алынады.

6. Жөн жосықсыз жабысып-жармасу (көшеде тауарын тықпалау, қайыр сұрау, бал ашу т.т) – 968 қылмыс. Айыппұл - 11345 тенге.