Аймақтар • 12 Маусым, 2017

Жансейіт Түймебаев Таразға барды

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Делегация мүшелерін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев шекаралас аймақтан күтіп алып,  бірнеше ірі өндірістік және әлеуметтік жобалармен таныстырды.

Жансейіт Түймебаев Таразға барды

Оңтүстікқазақстандық делегация ең алдымен күн көзінен қуат алатын «Бурное Солар-1» станциясында болды. Жобаға салынған жалпы инвестиция құны 122 млн. АҚШ долларын құрайды. Орталық Азиядағы ең ірі  станция құрылысын «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-і британдық UG Energy Limited компаниясымен бірге жүргізген, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің ресми сайты.

Сапар барысында түстік өңірден барған қонақтар Тараз қаласынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан Айша бибі кесенесіне аялдады. Бұл тарихи орын ортағасырлық сәулет ескерткіштерінің бірі. Біздің күнге киелім орынның тек батыс бөлшегі сақталған. Кесене 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған.

Жансейіт Қансейітұлы бастаған бір топ депутаттар бұдан бөлек «Қарахан» кесенесі мен «Кеңесхан қажы» мешітінде болды.  Ал «Қазақ хандығына 550 жыл» монументі маңында Әулиеата өңірінің зиялылырымен тілдесті. Көне шаһар төрінде Керей мен Жәнібек ханның бейнелері менмұңдалап тұр. 

Жұмыс сапары барысында делегация мүшелері  «Тараз-Арена» спорт кешенінде болды. Олимпиадалық жеткіншектерді даярлайтын «Атлетик» оқу-жаттығу кешенінің жұмысымен де танысты. Бірегей спорт кешендері салауатты өмір салтын насихаттау және әр түрлі жастағы тұрғындарды әуесқой және кәсіпқой спорт түрлерімен айналысуға жаппай жұмылдыру мақсатында соғылған.

Сондай-ақ, Оңтүстіктен келген делегация минералды тыңайтқыштар өндіретін «Казфосфат» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорын өз жұмысын минералды тыңайтқыштарды, сары фосфор мен оның туынды өнімдерін өткеру нарығын қайта қалпына келтіруден бастаған. Серіктестік тағамдық ортофосфор қышқылы, баяу гидратталушы натрий үшполифосфаты сияқты жаңа өнім түрлерін шығарады. Өнімнің 95 пайызын шет елге экспорттайды.

Сапар барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңадан ашылған Жамбыл Жабаев атындағы «Руханият» рухани дамыту орталығында болды. Орталықтың бірінші қабатында орналасқан экспозициямен танысты. «Бұл орталық Жамбыл облысының танымал қайраткерлерінің тарихын, жүрген жолдарын зерттей отырып, рухани дамуды көздейді. Әулиеата жеріне жасаған сапарын Рухани орталықта қорытындылаған аймақ басшысы Ұлы Жібек сауда жолында созылған көне шаһар күн санап көркейіп келе жатқанын атап өтті. Мұнан соң, Рухани орталықтағы естелік кітапшаға қолжазбасын қалдырды.