Бизнес • 12 Маусым, 2017

«Атамекен» ҰКП Іскер әйелдерінің ІІІ Конгресі өтеді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесін құрудың басты идеясы – өңір әйелдерінің іскерлік ортадағы белсенділігін күшейту. 

«Атамекен» ҰКП Іскер әйелдерінің ІІІ Конгресі өтеді

Конгреске «IDFashhion» халықаралық телеарнасының бас продюсері Василий Климчук, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы Төрағасының орынбасары Лаззат Сулеймен, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.

«Қазақстан бизнес-идеялар жерұйғы» атты конгресс «Атамекен» ҰКП Съезі аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы қолдауымен өткізілмек. Конгресс мақсаты – іскер әйелдердің экономика саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту бойынша сұрақтарды талқылауға, әйелдердің еңбек нарығындағы бәсекелігін арттыруға бағытталған.

Әйел-кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдердің жеке кәсіпкерлікке араласуын, олардың экономикалық бастамаларын қолдау және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту кеңестің басты міндеті. Ұйымда 700 -ден астам кәсіпкер әйел мүшелікте.