12 Маусым, 2017

Алаш жолы – мәңгілік

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде «Алаш жолы - мәңгілік тілдің түп қазығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференцияға өтті. Қаладағы Шәкәрім университетінің профессоры, белгілі тарихшы ғалым Мұхтарбек Кәрімов конференцияны ашып, жүргізіп отырды.

Алаш жолы – мәңгілік

XX ғасырдың басында қазақ даласында Қарқаралы петициясы қабылданған болатын. Оның түпкілікті мақсаты патшалық Ресейдің отаршылдық жүйесіне қарсы тұру еді, –деді Мұхтарбек Кәрімов, –осы петицияның басында Әлихан Бөкейхановтай дара тұлға тұрды. Ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа мазмұнға ие болуының тағы бір көрінісі қазақтардың Ресейдің мемлекеттік думасына қатысуын айтуға болады. Семей облысы қазақтарының атынан Ә.Бөкейханов I мемлекеттік думаға депутат болып сайланғаны баршаға мәшһүр. Сол сәттерде ол өзінің саяси көрегенділігін көрсетті.

Бұдан соң Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеттің қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов «Рухани туыстық» тақырыбына орай, Әлихан мен Сұлтанмахмұт жайлы айтты. Сондай-ақ, конференцияда «Алашордашылар  көтерген тіл мәселелері» бағытымен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  доценті,  филология ғылымдарының кандидаты Бердібек Бияров, «Тіл - халық рухының жады» мәселесі бойынша Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Гуманитарлық факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шынар Сейітовалар баяндама жасады.Конференция аясында арнайы көрме де жұртшылық назарына ұсынылды. Осы жайлардың барлығы көрмеде деректер арқылы баяндалды.

Раушан Нұғманбекова

Семей

Суреттерді түсірген автор