Шағымданушы түр-түсін сипаттап берген алаяқ әйелдің елді қанқақсатқан оқиғасы осымен бітпейді екен. Талайлар тападай тал түсте ақшаларынан айырылып, ақылы айран болып жүргенге ұқсайды.
Полицейлер күдікті әйелді қолға түсірді. Бұрын алаяқтығымен сотты болған 1986 жылғы әйел Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Полицейлердің тергеуінде мәлім болғандай, алаяқ алдын ала «жұмысқа орналастырамын» деп әр жерге құлақтандырулар іліп кетеді екен.
Оңтүстікте халық көп. Халық көп болған жерде жұмыссыздық болуы да заңды. Жұмысқа орналастыратын адамға қомақты сыйлығың болғанымен таныс кезіге бермейді. Ал, мынау іздегенге сұраған. Қуанғаннан әлгі құлақтандырудағы телефон шалып, құрығына өздері барып түсе берген. Талайды алдап соғып, мұрты майланған алаяқтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы