Театр • 12 Маусым, 2017

Елордада «Сахнадан сәлем» халықаралық театр апталығы басталды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Сахнадан сәлем» деген атаумен халықаралық театр фестивалі басталды.

Елордада «Сахнадан сәлем» халықаралық театр апталығы басталды

Биыл дәстүрлі түрде бесінші мәрте шымылдығын түрген мәдени шараға Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен еліміздің бірнеше өңірінен 10-нан аса белді өнер ұжымы қатысады. Фестиваль КСРО Халық әртісі, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің 85 жылдығына арналып отыр.

«Сахнадан сәлем» алаңында алғашқы болып елорданың «Жастар» театры өнер көрсетеді. Олар көрермендер назарына «Асауға тұсау» коммедиялық туындысын ұсынады.

"Бұл фестивальдің басқа фестивальдерден ерекшелігі – бұл жерде бәйге, жеңімпаз деген болмайды. Негізгі мақсат – театр өнеріндегі, оның даму бағытындағы жаңалықтардың бетін ашу. Көкейкесті мәселелерді ортаға салып, оның шешу жолдарын қарастыру", - дейді Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек.