Қ.Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесу барысында ЕҚЫҰ күн тәртібі мәселелерінің кешені бойынша Қазақстан конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Сұхбаттастар Еуропалық қауіпсіздік, ЕҚЫҰ жорық миссияларының жұмысы, экстремизммен күресу, Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару туралы диалог мәселелері және ЕҚЫҰ-ның Ауғанстанмен өзара ықпалдасу перспективалары бойынша пікір алмасты. ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемін одан әрі күшейту маңызы аталып өтті. Л.Заньер Қазақстанды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін сәтті ұйымдастырумен құттықтады.
Мажарстан ұлттық Экономика министрі Михай Варгамен кездесу барысында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен іскерлік кеңесінің әлеуетін тиімді пайдалану маңызы айтылды. Қазақ-мажар ауылшаруашылық тікелей инвестициялар қорының елеулі әлеуеті бар.
М.Варга қазақ-мажар қатынастарының орнатылғанынан бері оларды дамытудағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсетті. Мажарстан министрі жақында іске қосылған Астана-Будапешт тікелей әуе рейсі іскерлік және гуманитарлық байланыстардың одан әрі дамуына оң әсерін тигізетіндігіне сенімді. Тараптар Қазақстан мен Мажарстанның «Бір белдеу − бір жол» жобасына қатысу перспективаларын талқылады. Мажарстандық саясаткер, сонымен қатар, Орталық Азия мен Вышеград тобы арасындағы диалогты орнату идеясын қарастыруды ұсынды.