Үкімет • 13 Маусым, 2017

Ынтымақтастық мәселелері сөз болды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО) бас директоры Юн Лимен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ынтымақтастық мәселелері сөз болды

Кездесу барысында Қазақ­стан Үкіметі мен ЮНИДО ара­сындағы арнайы келі­сім ая­сында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес инсти­ту­ционалдық реформаларын, Қазақстан экономикасын жедел технологиялық жаң­ғыртуды, Индустриалды-ин­новациялық даму мемлекеттік бағ­дарламасын іске асырудағы ын­ты­мақтастық мәселелері тал­қыланды. Жылы шырайлы әңгімеде Қазақстанның өнер­кәсіптік статистика, өнер­кәсіптік бірігу және өнер­кәсіптің қоршаған ортаға тигі­зетін жағымсыз әсерін төмен­дету секілді бағыттарда ЮНИДО-ның өңірлік жобаларына қатысуын жалғастыру жайы қаралды.

Тараптар ЭКСПО-2017 көр­месі базасында Халық­аралық «жасыл» технологиялар орталығы мен «Болашақ энергиясы» инвестициялық жобаларын құру бойынша бірлескен жұмыстарға дайындық барысын да талқылады.