ЭКСПО-2017 • 13 Маусым, 2017

БҰҰ алаңында суармалы егістің тың тәсілдері ұсынылды

206 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылған «Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО көрмесінде 100-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйымдар, түрлі технологиялық компаниялар ғаламдық жылынудың алдын алу мақсатындағы ғылыми-инновациялық зерттеулері мен жобаларын ұсынуда.

БҰҰ алаңында суармалы егістің тың тәсілдері ұсынылды

Экологиялық жүйенің біртұ­тас­тығын сақтай отырып, даму­дың барлық бағытында эконо­микалық өсуді негізге алатын Бі­ріккен Ұлттар Ұйымының көрме алаңы салтанатты түрде ашыл­ды. «Жасыл» экономика қағи­да­ларын оңтайландыратын соны тех­нологиялар тізбегі мен жаңа идея­ларды ұсынатын 17 дүние­жү­зілік ұйым павильонын кез кел­ген уақытта тамашалай аласыз.

«Бұл Париж келісімшарты мен 2030 жылғы климаттың өзгеруіне қарсы межені орындауға мүм­кін­дік береді. Негізгі назарды нақ­ты шешімдерге аударамыз», деді БҰҰ-ның ЭКСПО-дағы Бас комис­сары Жиһан Сұлтаноғлы. Сон­дай-ақ, ол 2030 жылға дейін арзан әрі таза энергиямен тем­пера­тураны 1,5 градустық ин­дус­­трияға дейінгі дәрежені бір мез­гілде қамтамасыз етудің маңыз­дылығын айтып өтті. Қуат көзі әлемдік экономикалық да­муда аса маңызға ие және бар­лық даму салаларының негізі.Әлемдегі алып энергия көздері санатындағы көмір, мұнай және табиғи газды үнемі қолдану нәтижесінде ғаламдық жылыну процесі үдеп келеді. Маман­дар­дың пікірінше, тұрақты қуат көздерінің арқасында мемлекеттер экологиялық таза экономика құра алады, деген бас комиссар табиғи капиталды қорғап қалу мен сақтау экономикалық өсуді қамтамасыз ете алады сипатындағы тұжы­рым­дамалардың көкейкесті мәселеге айналғанын айтты.

Таныстырылымда ауыл ша­руашылығы дақылдарының өні­мін арттыру барысындағы ке­шенді механикаландыру, химияландыру және мелиорация­лау маңызы туралы айтылды және шөлейтті алқаптарды суармалы егіске айналдырудың тың тәсілдері ұсынылды. Мамандардың айтуынша, мелиорациялық жағдайы нашар алқаптарда топырақты сорланудан, батпақтанудан сақтайтын негізгі әдіс – инженерлік жолмен қазылған терең коллекторлы-кәрізді жүйелер арқылы жер асты суының ағымын жасау болмақ. Жаңаратын энергетика мен тиімді энергия саласында маңызды жаңалықтарға қол жеткізу үшін инвестицияларды шоғырландыру тұрғысындағы зерттеу нәтижелері ғалымдарға таптырмас әдістер жиынтығы болады. Көрме кезінде аталған ұйымдар қалпына келтірілетін және тиімді қуат көздерін дамыту бойынша маңызды жаңа­лық­тармен бөлісіп отыруға уағдаласты.

Өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ компа­ния­сының Басқарма төрағасы Ахмет­жан Есімов көрмеге халықаралық қоғамдастық тарапынан қызы­ғу­шылық жоғары екенін айта келіп: «Бұл павильонның ашылуы үшін ауқымды жұмыстарды іске асырдыңыздар. БҰҰ-ның меке­мелері біздің көрмеге белсен­ді қатысып отыр. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе», деп ризашы­лығын білдірді.

Әлемдегі газ бен мұнай өнді­рі­сіндегі жетекші мемлекеттердің бірі Қазақстан алдағы жарты ғасыр­да 50 пайыз қайта қалпына кел­ті­рілетін қуат көздерін пай­дала­нуды мақсат етіп отыр. БҰҰ-ның қолдауымен елімізде соңғы бес жылда муниципалды ғимараттарды жылытуға кететін жылдық қуат 45 пайызға қысқарып отыр. Айта кетелік, БҰҰ-ның ЮНИДО, ЮНЕСКО, МАГАТЭ, БҰҰ ДБ, ЭСКАТО, ЮНИСЕФ және Баршаға арналған тұрақты энергетика сынды бірлескен ұйымдар желісі көрме аясында экологиялық тиімділік, ресурстарды үнемдеу қағидалары бойынша түрлі шаралар ұйымдастырады.

Ая ӨМІРТАЙ,
«Егемен Қазақстан»