Қазақстан • 13 Маусым, 2017

Астанада такси қызметінің автомобильдері автобус жолақтарымен қатынай бастады

196 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада 2017 жылдың 13 маусымынан бастап ресми такси қызметінің автомобильдері жол қозғалысының ережелеріне сай 5.9, 5.10.2, 5.10.3 белгілері бойынша арнайы автобустарға арналған жолақтармен қатынай бастайды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада такси қызметінің автомобильдері автобус жолақтарымен қатынай бастады

Елорда әкімдігінде өткен пресс-конференция барысында ресми тіркелген таксилердің BusLane жолақтарымен жүру құқықтары түсіндірілді. Жолаушылар тасымалдау және жолжүктері ережесіне сай тасымалдау қызметтерін көрсететін компаниялар Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасымен келісім шартқа отырулары тиіс. Содан кейін көлік құралдарының тіркелгені туралы мағлұмат арнайы жолақтармен қатынау құқығына ие автомобильдердің реестріне қосу үшін әкімшілік полиция басқармасына жіберіледі. Бүгінгі күні қаладағы 13 таксоматорлы компания аталған процедурадан өтті.  

- «Астана такси» жалпы қалалық таңбасы құрылды. Біз өзімізге таксомоторлы компаниялар мен көлік қызметкерлерін шақырдық: жұмыстың алғашқы кезінде бізге 7 компания қосылса, қазір олардың саны 13. Жалпы автомобильдердің саны – 414, тағы 60 көлік рәсімделу үстінде. Ерекшелейтін белгілердің эскиздері дайындалды. Сол себептен, «TAXI» белгісін жабыстырып алған жеке меншіктер BusLane жолақтарымен қатынай алмайды, - деп түсіндірді «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Жол жүру ережесін бұзғандар мен қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтармен қатынағандар үшін 11 345 теңге, қайталаланған жағдайда – 10 АЕК (22 690 теңге) айыппұл көзделген.

- Жақын арада қалада құқықбұзушылықты тіркеп отыратын 3000-ға жуық бейнебақылау камералары орнатылады. Барлық құқықбұзушылықтар автоматты түрде тіркеліп, басқарманың әкімшілік практика бойынша процессингтік орталығына жіберіліп отырады, - деді Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Ұзаев.