Қазақстан • 13 Маусым, 2017

Елордада жыл басынан бері 464 рет Bus Lane жолағы бойынша ереже бұзылды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалада автобустарға арналған жеке жолақтарға шығып кетіп, ереже бұзған жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордада жыл басынан бері 464 рет Bus Lane жолағы бойынша ереже бұзылды

Вus Lane жолағымен қатынағандар үшін айыппұл көлемі 5 АЕК немесе 11 345 теңге. Бір жыл ішінде ережені қайтадан бұзған жағдайда – 10 АЕК немесе 22 690 теңге, – деп хабарлады Астана қаласы ІІД ӘПБ бөлім басшысы Тахир Абдурахманов.

«Жыл басынан бері ӘҚБ Кодекстің 601 бабы бойынша – белгіленген жол белгілерін немесе өтетін жол белгілерінің талаптарын елемеген, яғни, Bus Lane жолақтарымен жүрген 464 құқықбұзушылық анықталып отыр», - деді Т.Абдурахманов Елорда әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне.   

Айта кетейік, кейбір жағдайларда жүргізушілерге автобус жолақтарына шығуға рұқсат. Ондай орындар оң жаққа бұрылатын автокөліктерге қатысты әрі ол үзік сызықтармен белгіленген.

Осыған дейін хабарланғандай, Астанада қолданыстағы Bus Lane жолақтарының жалпы ұзындығы 40,6 шақырым. Қазіргі таңда қоғамдық көліктерге арналған қосымша жолақтар қаланың 13 учаскесіне енгізілген.  Бұл шаралар автобус қозғалыстарының жылдамдығын арттырып, қауіпсіздікті күшейтуге бағытталып отыр.  Арнайы жолақтармен қоғамдық және арнайы көліктер ғана қатынай алады.

Bus Lane қосымша жолақтарын енгізу арқылы қоғамдық көліктердің ғана емес, шұғыл қызмет көрсететін қызметтер мен арнайы таксилердің жүру жылдамдығын арттыруға мол мүмкіндік туып отыр.