Онда тараптар екі ел арасындағы жолаушыларды және автомобильмен жүк тасымалдаудың жағдайлары жөнінде ақпарат алмасты. 2016 жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда биылғы жылдың 4 айында жүк тасымалының көлемі 36%-ға өскенін атап өтті.
Тараптар ҚР-ның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының және ҚХР Синцзянь-Ұйғыр Автономды аймағының елді-мекендері арасында жүк тасымалдау үшін екі жақтың тасымалдаушыларына мүмкіндік беретін тоғыз бағытты анықтап, келісті.
Тараптар 2017-2018 жылдары жолаушыларды және автомобильмен жүк тасымалдау үшін рұқсат бланкілерімен квота алмасуға келісті. Сонымен қатар, «Астана - Үрімші» және «Шымкент - Үрімші» бағыттары бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сынақ ретінде жолаушылар автобусының рейстерін іске қосу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Келіссөздердің қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.