Парламент • 13 Маусым, 2017

Сенат денсаулық сақтау саласына қатысты заңнамаға енгізілетін өзгерістерді қарады

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Сенат денсаулық сақтау саласына қатысты заңнамаға енгізілетін өзгерістерді қарады

Заң жобасымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына  төленетін жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелерін қайта қарау, олар үшін Қорға мемлекеттен жарналар түсетін адамдардың, сондай-ақ Қорға жарналарды төлеушілердің тізбесін кеңейту көзделеді.

Заң жобасымен, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қорды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) бірыңғай төлеуші ретінде белгілеу; cапалы дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу және төлеу, олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай тиімді тәсілдерді қамтамасыз ету үшін заң жобасымен сатып алу және дәрілік қамсыздандыруға шығыстарды төлеу жөніндегі құзыреттерді Қор мен жергілікті өкілді органдар арасында бөлу ұсынылады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың оған сәйкес ТМККК алуға құқығы болатын ережелерді енгізу ұсынылды.

МӘМС жүйесінің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгілеуге, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер қоюға, банктік шоттардағы Қордың активтеріне тыйым салуға жол берілмейді.

Заң жобасында ұғымдық түсіндірме мен қолданыстағы заңнамалық актілердің кейбір ережелерін ендірілетін МӘМС жүйесіне сәйкес келтіру мақсатында нақтылайтын ережелер бар. Осыған байланысты заң жобасында Қазақстан Республикасының 21 заңнамалық актісіне, оның ішінде Қазақстан Республикасының 6 кодексіне және 15 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.