01 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 966

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 26 тамыз , Астана, Үкімет Үйі «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №8, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінде: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Қызметтің осы түрлерін ұсынудың технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында: 1) жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне: жергілікті деңгейде байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін; ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу; 2) қосылатын байланыс операторларымен: Қосылатын байланыс операторлардың телекоммуникация желілерінен жергілікті телефондық трафигін; қосылатын ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарынан (-на) (қолжетімділік тораптарынан) (-на) телефондық трафигін өткізу.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.