Ата заң • Кеше

Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңының «Конституциялық реформа: трансформация  және мемлекеттің келешегі» тақырыбында Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесіп жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат

Талқылау барысында конституциялық реформаның негізгі ережелері, сондай-ақ ұсынылған өзгерістердің мемлекеттік институттарға ықпалы туралы айтылды.

«Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқарудың адамға бағдарланған, неғұрлым жетілген моделіне көшу үрдісін көрсетеді. Біз «мемлекет – қоғам – адам» деген ескі үлгіні өзгертіп, «адам – қоғам – мемлекет» атты жаңа деңгейге өттік. Жаңа новеллалардың барлығы осы адамды бірінші орынға қоятын қағидатынан бастау алады. Мәселен: Енді мемлекеттің байлығы жер қойнауымен емес, азаматтардың білімі мен жетістігімен өлшенеді. Бұл – табиғи ресурстарға тәуелділіктен адам капиталын дамытуға бет бұру деген сөз. Білім, ғылым және инновацияларға басымдық берілуі – білім экономикасын қалыптастыруға және елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық таңдау. Алғаш рет адам құқықтарын цифрлық кеңістікте қорғау нормасы енгізілді. Бұл – заман талабына сай әр азаматтың дербес деректері мен қауіпсіздігін қорғаудың кепілі. Тағы бір үлкен бағыт – мемлекеттің зайырлы сипатын және институттық бейтараптығын сақтау. Бұл діни фактордың саясилануына жол бермей, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Айрықша назар аударатын мәселе – биліктің жауапкершілік тетіктерінің күшеюі. Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі үшін жауапкершілік пен азаматтарға келтірілген зиянды өтеу нормаларының енгізілуі есептілік қағидатын декларативті деңгейден нақты құқықтық практикаға көшіреді. Осылайша мемлекеттік институттарға деген сенімді арттырып, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтеді. Жаңарған Конституция – бұл жай ғана заңдар жинағы емес, әр азаматтың қадір-қасиеті мен құқығын мемлекеттің ең басты міндеті ретінде бекітетін негізгі құжат», деп атап өтті Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов.

Сарапшы атап өткендей, былтыр  қазан айында құрылған Жұмыс тобы парламенттік реформаның негізін айқындап берді. Осы Жұмыс тобы қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардан, сондай-ақ цифрлық арналар арқылы келіп түскен 2000-нан астам ұсынысты саралады. Комиссияның барлық 12 отырысы тікелей эфирде көрсетіліп, 10 мыңға жуық ұсыныс түскен. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, халықтың 38,6 пайызға жуығы комиссия жұмысын жіті бақылап отырған.

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады

Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры  Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, жаңа Конституция нығайған мемлекет бағдарын анықтап, жаңа заман сын-қатерлерінің алдын алуды мақсат етеді.

«Алғысөзінен бастап, «Біз біртұтас Қазақстан халқымыз» деп нақты айта отырып, өз мемлекеттігімізді нығайта отырып, байырғы тарихымызды, мәдениетіміз, білім мен ғылым, инновациялық жетістіктерімізді мемлекеттің даму стратегиясы ретінде анықтайды. Конституцияның басты ерекшелігі – адами құндылықтарға мән беру. Интеллектуалды әлеуетке негізделген даму жолын таңдау. Жаһанданудың сын-қатерлері жағдайында, өзгерістердің қоғам өміріне жылдам ықпалы тұрғысынан алғанда цифрлық технологияларды дамытуға басымдық бере отырып, адамның ойлау қабілеті, жаңалыққа немесе күнделікті тіршілігіне үлкен әсерін басты назарға алып отыр. Осы орайда құндылықтар жүйесіне, оның ішінде Әділетті Қазақстан, заң және тәртіп, қоршаған ортаны қорғауға басты мән берілген», деп атап өтті сарапшы. 

Жиын барысында Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина,  «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің деканы Уәлихан Ахатов, Алматы қаласы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов, ҚСЗИ Алматы қаласы өкілдігінің басшысы Әсел Назарбетова, Философия, саясаттану және дінтану институты Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Айдар Әмребаев, басқа да сала мамандары Конституциялық реформаның қоғам дамуындағы маңызына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды

Соңғы жаңалықтар