Аймақтар • 14 Маусым, 2017

СҚО төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі  істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ұжымға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловты таныстырды.

СҚО төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Рамиль Камалов 1976 жылы Торғай облысы Есіл ауданы Красногорский ауылында  туған.  1996 жылы Павлодар техникалық колледжін «өртке қарсы қорғаныс техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Ақмола облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы №84 дербес әскерилендірілген өрт бөлімінің мемлекеттік өртті қадағалау инспекторы лауазымынан бастаған. Төтенше жағдайлар комитетінде  басқарма басшысы болған.

Осы уақытқа дейін Маңғыстау облыстық ТЖД басшысының орынбасары  қызметін атқарған.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»