«Мемлекет сендерді еліміздің сенімді ізбасарлары ретінде қалыптасуларыңа жан-жақты қамқорлық көрсетіп келеді. Бүгінде тегін кәсіптік-техникалық білім алуға жол ашық. Жоғары оқу орындарына грант ұтып алудың мүмкіндіктері мол. Мектеп қабырғасында алған білімдеріңді одан әрі тереңдетіп, экономиканың дамуына өз үлестеріңді қосуларыңа тілектеспін», деді облыс әкімі.
Өз сөзінде мамандықты жүрек қалауымен таңдап, бәсекелестік ортаға қабылетті болуға кеңес берді. Өмірлік таңдауда қателеспеу керектігін атап көрсетті.
Түлектер атынан сөз алған Александра Семченко өзінің дене шынықтыру мамандығын қалайтынын жеткізді. Ол спорттың бірнеше түрімен жаттығады. Республиканың, облыстың бірнеше дүркін чемпионы. Президенттік көп сайыстан спорт шеберлігіне кандидат, ал малтудан бірінші ересектер разряды бар.
Қ. Ақсақалов 64 оқушыға ескерткіш сыйлықтар тарту етті.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»