Бұдан басқа Димаш өнеріне тәнті болып жүрген қытайлық азаматтар Ақтөбеге келіп, Димаштың туған топырағымен және туып-өскен шаңырағымен танысқысы келеді екен. Олардың мұндай жоспарлары жөнінде Egemen.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы айтып берді.
Осыған байланысты қазіргі күні өңірдегі туристік компаниялар арнайы туристік маршруттар ұйымдастыру қамында жүр. Сондай-ақ сала басшысының айтуынша бүгінде Димаштың кіндік кескен жеріне келгісі келетін шетелдіктер қатары көбейген. Олардың бәрі Қытай елінің азаматтары көрінеді. Концертке дейін және концерттен кейін Димаш туып-өскен өлкеге 2000-нан астам қытайлық азаматтар келеді деп күтілуде. Оларға агломерациялық аймақтың киелі де көрікті жерлерін көрсету үшін қосымша автокөлік бағыттары белгіленген.
Темір Құсайын,
"Егемен Қазақстан"
Ақтөбе