Аймақтар • 15 Маусым, 2017

Ақтауда өрт сөндіру деполары салынады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың халыққа есеп беруі кезінде айтылды.

Ақтауда өрт сөндіру деполары салынады

Онлайн режимде 14 облыстың халық өкілдерімен кездескен министр жыл бойы министрлік жасаған жұмыстарға тоқталды. Қылмыстың алдын алу, жасалған қылмысты ашудағы жетісітктермен бөліскен министр елімізде криминагендік ахуалдың тұрақты екендігін жеткізді. Айтуынша, елімізде қылмыс саны - жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтар, көше қылмысы төмендеп, жол апаттары өткен жылдармен салысырып қарағанда біршама азайғанмен, ішімдіктің кесірінен болатын қылмыстар мен  тұрғын үй, ұялы телефон және мал ұрлығы жиілеген.

Министрге барлық өңірдік өкілдері өздерін мазалап жүрген сұрақтарын жолдады. Маңғыстау облысынан сұрақ берген Төтенше жағдайлар ардагері

Сейтмолда Мұханов Ақтау қаласында 2-ақ өрт сөндіру бөлімінің бар екендігін,  екеуі де бір шағын ауданда орналасқандығын,  өрт сөндірушілер дерк езінде қала маңындағы Өмірзақ, Промзона, Приморский елді-мекендеріне жете аламйтындығын айтып, мәселені шешу жолдарын сұрады.

-Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әр өрт сөндіру депосының қашықтығы 3 шақырым болуы қажет. Сондықтан, Ақтауға тағы 4 депо керек. Бұл мәселені даму бағдарламасына енгіздік. Алайда қаржы аз бөлінді. Қазір осы сұрақпен айналысып жатырмыз. Жергілікті атқарушы органмен шешеміз, деді министр Қ.Қасымов.

Гүлайым Шынтемірқызы,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы