Оның айтуынша, осыған ұқсас қосымшалар Ұлыбритания, Австрия, Шығыс Еуропа елдерінде пайдаланылады.
"2017 жылдың соңына дейін патронаж мейірбикелері мен жас ата-аналардың кішкентай балаларға күтім жасауына көмектесуге арналған арнайы мобильді қосымшалар іске қосылады. Олар Қазақстандағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы арасындағы келісім негізінде əзірленеді", деді Олжас Əбішев.
Жиын барысында белгілі болғандай, "Патронаж мейірбикесі" мобильді қосымшасын пайдалану бала туралы деректерді толтыру жұмыстарын жеңілдетеді. Яғни, мейірбикелер үй жағдайында балаға көбірек көңіл бөлетін болады.
Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,
"Егемен Қазақстан"