Қ.Тоқаев екіжақты қатынастардың қарқынды сипатын атап өтті. Сенат Төрағасының пікірінше, Президент Н.Назарбаевтың биылғы қазан айындағы Стокгольмге жоспарланған сапары екі ел арасындағы, әсіресе, сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты жаңа сапалық деңгейге шығарады.
Швеция инновациялық жобаларды іске асыруда әлемдік көшбасшылардың қатарында. Қ.Тоқаев осыған байланысты біздің аумаққа жоғары технологиялық өндіріс әкелуге дайын швед компанияларының қазақстандық нарыққа келуіне мүдделілігін білдірді. Сондай-ақ, Сенат Төрағасы Швецияның жаңартылатын энергияны пайдалану жөніндегі тәжірибесі Қазақстанға керек болуы ықтимал, деп санайды.
Қ.Тоқаев Швеция Парламенті Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді бірінші болып ратифициялағандардың бірі екенін атап өтті. Бұл құжат біздің өзара қатынастарымызда жаңа тарау болып отыр. Еуропалық Одақ Астананың сауда-экономика және инвестиция саласында жетекші әріптестерінің бірі екені белгілі.
У.Алин екіжақты байланыстарда парламентаралық үнқатысудың ерекше орын алатынын атап өтіп, швед тарапының Қазақстанмен жан-жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге ықыласын растады.
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Риксдагының (Парламенті) Төрағасы Урбан Алинмен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлайды осы палатаның баспасөз қызметі.
«Жастар» Сарайының 50 жылдығы тойланады
Аңдатпа • Бүгін, 12:46
Санжар Тәшкенбай күміс жүлдегер атанды
Бокс • Бүгін, 12:41
Ауыл шаруашылығы саласында 142 миллиард теңге тиімсіз игерілген
Оқиға • Бүгін, 12:25
Ел мектептерінде медиация қызметтері пайда болады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды
Шахмат • Бүгін, 11:28
Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды
Спорт • Бүгін, 11:14