Аймақтар • 16 Маусым, 2017

Астанада “Нұрлы жермен” сатылатын алғашқы тұрғын үй анықталды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алтын Шар West» құрылыс компаниясы Астана бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бірінші қатысушысы болды. Кеше өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында компанияның мемлекеттік бағдарламаға қатысуы мақұлдалды, деп хабарлайды "Даму" қорының ресми сайты.

Астанада “Нұрлы жермен” сатылатын алғашқы тұрғын үй анықталды

«Алтын шар» тұрғын үй кешенін тұрғызу үшін компания Еуразиялық банкінен несие алатын болды. Ал «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды. Енді 16% жылдық мөлшерлеменің тек 9%-ын ғана компания төлейтін болады.

«Алтын шар» тұрғын үй кешені Астананың сол жақ жағалауында, EXPO- 2017 көрмесі павильондарының қасында орналасқан. Кешенде балаларға арналған спорт алаңдары, жайлы жаяу жүргінші жолдары мен өткелдер, жабық паркинг, сауда-кеңсе бөлмелері бар.

"Егер сіздің құрылыс компанияңыз тұрғын үй кешенін салу үшін əлі көмек қаржы алмаса, біздің Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымызға келіңіз. Біздің мамандар «Нұрлы жер» бағдарламасының шарттары, «Даму» Қоры жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік қолдау бағдарламалары жайында толық айтып береді", - деп жазады Қордың сайты.