Аймақтар • 20 Маусым, 2017

СҚО әкімі австралиялық инвесторлармен кездесті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірі жерасты қазба қорларына бай. Оны игеруге алыс-жақын шетел компаниялары зор қызығушылық білдіріп отыр.

СҚО әкімі австралиялық инвесторлармен кездесті

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов пен «IIuka Exploration Kazakhstan» компаниясы басшылығы кездесуінде жерасты қазба байлықтарын геологиялық- барлау, игеру жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану, экология талаптарын мүлтіксіз орындау, инестиция тарту мәселелері  талқыланды.

«Компания цирконий өндірісінде әлемде жетекші орын алатынын жақсы білеміз. Геология-барлау саласына қомақты қаржы құйып келесіздер.Өңірде түрлі-түсті металл қорлары көп. Сіздермен ынтымақтастық әріптестік жасауға дайынбыз», деді Құмар Іргебайұлы.

Австралиялық алпауыт фирманың бас директоры Энтони Джон Торнтон өз сөзінде геология-барлау жұмыстарына жылына 12 миллион долларға жуық қаржы жұмсалатынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанда сыртқы ортаға деген оң көзқарас қалыптасқандықтан, қазба байлықтар орналасқан кен орындарын ашуға белсене кірісіп, мол қаржы тарту ойлары бар.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»