Аймақтар • 20 Маусым, 2017

Бүгін Астанада ауыз су беру уақытша тоқтатылады

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылдың 20 маусым күні қаладағы кейбір үйлерді ауыз судан ажырату жоспарлануда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Астанада ауыз су беру уақытша тоқтатылады

 «Астана су арнасы» коммуналдық мекемесі Молдағұлова және Берел көшелеріндегі учаскелерде Д=100 мм жапқышын ауыстыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жайында мекеменің аxуал орталығы xабарлады. 

Ауыз су сағат 10:00-18:00 аралығында: Сарыбұлақ көшесі, 15а, 19, 19/1, Берел көшесі (жеке сектор) аумақтарында өшіріледі. 

 «Астана су арнасы» МКМ уақытша келеңсіздік үшін кешірім сұрайды.