Аймақтар • 20 Маусым, 2017

СҚО-да БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі істер департаментінде  республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін марапаттау іс-шарасы өтті.

СҚО-да БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

Онда ОІІД-нің басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Бір топ қалам иелеріне «Қазақстан полициясына – 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісі табыс етілді. Баспасөз турының белсенді қатысушылары естелік сыйлықтарға ие болды. 

Ал шығармашылық байқаудың қорытындысы үш аталым бойынша шығарылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар