Бокс • 20 Маусым, 2017

Головкин: Сондерсті бәрі біледі, ол сайқымазақтың өзі

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Лондондағы Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) біріккен баспасөз мәслихатында WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) күтпеген жерден пайда болуына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Головкин: Сондерсті бәрі біледі, ол сайқымазақтың өзі

Боксшылар қыркүйекке белгіленген жекпе-жегіне қатысты баспасөз турын бастап, алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс те қатысты. Ол келісімшарт ұсынған кезде GGG қаламсабын жоғалтып алғанын айтты. Тек Головкин британдық боксшының бұл қылығына күле жауап берді.

"Қазір бар ойымды "Канеломен" жекпе-жекке бұрдым. Әрине, орта салмақтағы барлық белбеуді иемденгім келеді, бұл менің мақсатым. Ал Сондерс... оны бәрі біледі. Ол сайқымазақ", дейді Головкин iFL TV арнасына берген сұхбатында.

Медиатур кезінде қос боксшы Нью-Йорк пен Лос-Анджелеске де барады.

Өз кезегінде мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес баспасөз мәслихатына Билли Джо Сондерс келгенде оны танымай қалғанын мәлімдеді.

"Ол орнынан тұрып, бірдеме айта бастағанда оны танымай қалдым. Бірақ ол менімен немесе Головкинмен жұдырықтасқысы келсе, оған жақсылап арықтау керек. Бұрын жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқылап көргенбіз. Бұл Майамидегі сот кезінде еді, WBC келісімге келу үшін бізге 15 күн берген болатын. Бірақ тиімсіз шарттары көп еді. Мен ол кездегі табыс пен пайыздарды бөлісуге келіспедім. Оны бір қолымды арқама таңып қойып, көзімді жұмып жеңе алатынымы сенімдімін", дейді "Канело". 

Айта кетейік, Сондерс 16 қыркүйектегі Головкин-Альварес жекпе-жегінің андеркартында Давид Лемьемен жұдырықтасуды жоспарлап отырғанын айтты.