Аймақтар • 20 Маусым, 2017

ЭКСПО қонақтары оңтүстікке келеді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі кезінде Оңтүстік Қазақстан облысына үш ай ішінде жүз мыңнан астам туристер келеді деп болжануда.

ЭКСПО қонақтары оңтүстікке келеді

Осы қызмет үшін үш-төрт күндік турлар ұйымдастырылып жатыр. Оған түстік өңірдің туризмге лайық жәдігерлері енген.

Алдын ала болжам бойынша Оңтүстік ЭКСПО қонақтары көп келетін үшінші аймақ саналады. Ресми мәліметке сәйкес, көш басында Көкшетау тұр. Одан кейін саяхатшылар ару қала Алматыны тамашалауға ниет білдірген. Бүгінде Оңтүстікке келетін қонақтарды жақсы қарсы алып, шығарып салу үшін келісімге келген компаниялар соңғы дайындықтарын пысықтауда.

 «Оңтүстік» туризм орталығының директоры Жасұлан Төлебеков бұл жайында ойын бөлісті. Оның айтуынша, төрт туристік фирма келісімге қол қойған. Олар оңтүстіктің көрнекті жерлерін көрсетеді. Әр туристік компанияда ағылшын, қытай тілін білетін гидтері бар. Оларға маршруттарды бекітіп берген. Сол маршруттармен туристерге қызмет көрсетеді.

Турагенттік көмегінсіз, өзі келген туристер де далада қалмайды. Оларға еріктілер жасағы қызмет көрсетеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»