Аймақтар • 20 Маусым, 2017

Атырауда балық аулау жарысы өтті

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда әуесқой балық аулаушылар сынға түсті. Алғаш рет ұйымдастырылған қалалық жарысқа қатысу үшін Жайық өзенінің жағасына 73 балықшы жиналды.

Атырауда балық аулау жарысы өтті

Олардың арасында 9 жастағы Шыңғыс Әділхан да бар. «Ең жас қатысушы» атанған Шыңғыс 2 кг 710 г болатын жайын балықты аулап, бірден екі бәйгені қанжығасына байлады да, жалпы есеп бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Мырзағали Досқалиевке, үшінші орын Сапарбек Бисенбаевқа бұйырды. Ал Ақбота Ерсайын «Ең сүйкімді қатысушы», Өтеуіл Аманиязов «Ең тәжірибелі қатысушы» атанды. «Көрермен көзайымы» номинациясын Татьяна Ерофеева иеленді.

«Ертеректе әуесқой балықшылар жарысы қыс мезгілінде өтетін. Кейін бұл дәстүр үзіліп қалды. Жазғы маусымда бірінші рет қолға алынып отыр. Қала тұрғындарының қызығушылығы жоғары екенін аңғардық, енді жылына екі рет осындай шараны ұйымдастырамыз», дейді облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылтек Испусинов.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»