04 Қазан, 2011

Келесі кездескенше, «Қазақстан – Сібір»

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен аптада екі ел үшін ма­ңы­зы зор «Қазақстан – Сібір»  ха­лық­аралық көрмесі мәреге жетті. Оған облыс әкімдігі, еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қолдау көр­сет­ті. Түрлі тақырыпта дөңгелек үстелдер ұйым­дастырылды. Бір алаңда екі елдің  300-ге жуық кәсіпорны кездесті. Көрме мәшине жасау, жылу- энергетикалық кешен, мұнай-хи­мия, агроөнеркәсіп кешені, қол­дан­балы өнер, құрылыс, басқа да салаларды қамтыды. Облыс орталығында иннова­ция­лық технопарк құру туралы бас­тама айтылды. Өзен порты бай­ланысы, шекаралық аудандарға алып баратын ұшақ қызметін қам­тамасыз ету мәселелері қаралды. Ресейлік қонақтар облыс орта­лы­ғын­дағы кәсіпорындарды аралап көрді. Көрме соңында Павлодар облысы мен Том облысы және Алтай өлкесінің өнімдері үздік деп танылды. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы.