«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған шара ағымдағы жылдың 2-16 маусым күндері өтті. Таудың ең биік шыңына альпинизм спортының жаттықтырушысы Сергей Беляков, «Жігер» спорттық клубы директорының орынбасары Қуаныш Сейтмағамбетов және 4 спортшы шықты. Эльбрус – Үлкен Казказ тау жүйесінің солтүстік бөлігінде орналасқан Еуропаның ең биік тау шыңы. Биіктігі теңіз деңгейінен 5642 метрді құрайды.