Аймақтар • 21 Маусым, 2017

«Са­ламатты болашақ» балалар су­рет байқауы аяқталды

1088 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Астанада бастау алған балалар суреті байқауы өз мәресіне жетті. Өнер бәйгесіне елорданың үш балалар мекемесінен 29 тәрбиеленуші қатысты.

«Са­ламатты болашақ» балалар су­рет байқауы аяқталды

Кеше ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесі аясында өткен  «Са­ламатты болашақ» балалар су­реті байқауының қорытындысы шы­­ғарылып, жеңімпаздар марапатталды. Өнер сайысында  балалар үйінің, «SOS балалар ауылының» және арнайы түзету мектеп-интер­натының тәрбиеленушілері бақ сынады. Мара­паттау рәсімі «Медикер» меди­циналық компания­сының көр­ме павильонында өтті.
Жеті мен он бес жас аралы­ғын­дағы балалар өздерінің шығар­машылық қабілетін көрсетті. 16-31 мамыр ара­­лығында қабылданған жұ­мыс­­­тарға баға берілді. Бір ай­та ке­­терлігі, олардың барлығы ден­саулық тақырыбына арналған. Сурет­терді «Аяла» қайырымдылық қоры­ның, «Медикер» медициналық ком­паниясының және «Philips» ком­паниясының өкілдерінен құрал­ған сарапшылар бағалады.
Бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленген жеңімпаздарға «Philips» компаниясы және «Аяла» қайырымдылық қоры бағалы сый­лықтар табыстады. Қосымша та­ғайындалған алты аталым бойынша жүлделерді «Philips» компаниясы ұсынды. Жарысқа қатысқан басқа балалар да құралақан қайтқан жоқ. Себебі, қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, барлық жұмыстар назар аударуға және жүлделі орынға лайық.
Сонымен, «Салауатты болашақ» балалар суреті байқауының бірінші жүлдесі – Ержан Дінисламға, екінші орын – Ирина Олейникке, үшінші жүлде Любовь Чугаеваға бұйырды.  Ал «Тақырыпты ашқаны үшін» аталымы бойынша – Анатолий Попов, «Ең жас суретші» жүлдесімен – Ержан Қасқырбай, креативті туындысы үшін – Владимир Олейник, «Ең жарқын суретімен» дараланған – Ұлан Тасполат, «Болашаққа көз­қарас» жүлдесін иеленген Лана Ыбраева, табиғатпен етене еңбек ете білген Альбина Нұрбекова жеңімпаз болып табылды. 
Байқау үздігі Ержан Дінис­лам­­ның айтуынша, өнер бәйгесіне мұнан кейін де көптеп қатыса беру қажет. Өйткені, әріптестермен бәсе­кеде әр суретші өзін барынша көр­сетуіне әрі түрлі қырынан ашылуына мүмкіндік табады.

Қаршыға КҮЛЕН