Қазақстан • 21 Маусым, 2017

Дәурен Абаев: Журналистерге үй беру мәселесінде қолымыздан келгенін істейміз

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халықпен кездесуі барысында журналистердің әлеуметтік мәртебесі туралы бірнеше сұрақ қойылды.

Дәурен Абаев: Журналистерге үй беру мәселесінде қолымыздан келгенін істейміз

"Журналистердің әлеуметтік мәртебесі туралы қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе оң шешімін табады деп сенеміз. Биылғы жылдың соңына дейін "БАҚ туралы" Заң жобасына өзгерістер енгіземіз. Жобаны қарастырып жатырмыз. Сол кезде журналистерді қорғау және олардың әлеуметтік мәртебесі де ескерілетін болады", деді министр. Оның айтуынша, БАҚ туралы жаңа заң жобасы 2018 жылы қаралады. 

Дәурен Абаев өз сөзінде журналистерге үй беру мәселесіне қолдан келген жұмыстар атқарылатынын айтты. "Журналистер бюджетті мекемелерге жатпайды. Себебі олар басқа жекеменшік газеттерде жұмыс істеп, жоғары жалақы алуы мүмкін деп есептеледі. Сол тұрғыдан осы ой сананы өзгерту де қиынға соғады. Біз банктерге барып, үлкен мекемелерге көмек сұрауымыз мүмкін. Басқа жолдарды әзірге айту қиын. Бірақ мемлекеттік тапсырыс бойынша көмектесе аламыз. Бірақ БАҚ-тың 90 пайызы жекеменшік", деді Дәурен Абаев. 

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халықпен кездесуі өтуде. 

Ая Өміртай,

"Егемен Қазақстан"