"Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру бойынша Министрлік алдында тұрғындар міндеттердің бірі - цифрлық сауаттылықты арттыру. Осы ретте әкімдіктер тарапынан халықты цифрлық дағдыға оқыту бойынша шаралар қолға алынатын болады. Елдегі ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларың нәтижесінде бүгінде халықтың цифрлық сауаттылығы 76 пайызға жетті. Цифрлық дағдының экономиканың барлық саласында басымдыққа ие екенін ескере отырып, бұл жұмысты жалғастыра беретін боламыз. 2021 жылы 1 миллионға жуық адам оқып, IT саласында 100 мыңнан астам маман дайындалады", деді министр.
Дәурен Абаев ұялы телефон ұрлығын тоқтату үшін оларды тіркеу бойынша жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 30 млн-ға жуық ұялы телефон тіркелген.
"Қазақстанға келген 200 мобильді телефонның IMEI коды бірдей болып шықты. Ауқымды жұмысты 1 жарым жыл ішінде аяқтаймыз. 80 пайыз телефон жастардан ұрланады", деді Дәурен Абаев. Сонымен қатар министр жылдың соңына дейін министрлік сайтында «Ұялы байланыс сапасына халықтық бақылау» сервисін іске қосу жоспарланғанын айтты. Сондай-ақ министр есептік кездесу барысында бұрыңғы он жылмен салыстырғанда қазақ тіліндегі жарнама қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Ая Өміртай,
"Егемен Қазақстан"
Суретті түсірген Ерлан Омаров,
"Егемен Қазақстан".