"Бұл өзекті мәселе. Біз алдағы уақытта осы олқылықтарды қарастырып, тиісті шаралар қолданамыз", деді Дәурен Абаев. Мәліметтер бойынша, ОҚО-да 260-тан астам БАҚ тіркелген. Оның 170-і "республикалық" деген статусқа ие.
Кездесу барысында министр БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізілетінін атап өтіп, заңнаманың сақталуына байланысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, әкімшілік істерді қарау, әкімшілік жазаларды қолдану уәкілетті органның құзырына берілуі мүмкін екенін айтты.
"Алдағы уақытта бұл айтылған мәселе жан-жақты талқыланып, тиісті шешім қабылданады", деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, оған дейін жоғарыда айтылған мәселелер жергілікті атқару органдарына тиесілі болатын.
Аян Әбдуәли,
"Егемен Қазақстан"
Суретті түсірген Ерлан Омаров,
"Егемен Қазақстан"