Қазақстан • 21 Маусым, 2017

Демалыс күндері Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-25 маусым күндері Астанаға Атырау, Қостанай, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін алып келеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Демалыс күндері Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Елорда тұрғындары мен қонақтары «Қазақстан» спорт кешенінің көлік қоятын аумағында кең ауқымдағы өнімдерді сатып ала алады.

Қалаға барлығы 966 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 169 т, сүт және сүт өнімдері – 129 т, жарма және макарон өнімдері – 54 т, нан және кондитерлік өнімдер – 75 т, жұмыртқа – 301 мың дана, картоп –19 т, көкөніс – 110 т, балық – 13 т және т.б.

Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.