"Электрондық үкімет" порталы арқылы Қазақстан туралы, оның Үкіметі, заңнамасы, назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат алып, сонымен қатар онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне жүгінуге болады. Бүгінде портал бойынша 758 қызмет түрі көрсетіледі. Қазақстандықтар арасындағы танымалдылығы статистикалық есеппен расталады. Атап айтсақ, портал қолданушыларының саны 6 миллионнан астам. Сонымен қатар 180 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Одан бөлек смартфондар мен планшеттерде қолжетімді "Электрондық үкімет" мобилді бағдарламасы арқылы 80-нен астам қызмет түрін пайдалануға болады. Бүгінге дейін оған 2.2 миллион пайдаланушы тіркеліп, 8 миллион қызмет көрсетілді", деді министр.
Естеріңізге сала кетсек, Астанадағы "Қазмедиа" орталығында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халықпен есептік кездесуі өтуде.
Ая Өміртай,
"Егемен Қазақстан"