Қазақстан • 21 Маусым, 2017

Елімізде телефон ұрлығын анықтайтын дерекқор ашылады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, елімізде телефон ұрлығын анықтайтын дерекқор ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің халықпен есептік кездесуінде айтылды, деп хабарлайды egemen.kz тілшісі.

Елімізде телефон ұрлығын анықтайтын дерекқор ашылады

Министр IMEI-кодтар базасын құруда халықаралық оңтайлы тәжірибе ескерілетінін жеткізді. Аталған жүйені іске қосу арқылы телефон ұрлығы айтарлықтай азаяды деп күтілуде.

– IMEI код арқыл тіркеу ережелерін құру жұмыстары алдағы үш апта көлемінде аяқталады. Мұнан соң ұрланған телефондар дерегін код арқылы анықтауға болатын дерекқор ашылады, – деді Д. Абаев.

Дегенмен министр ауқымды шараларды іске асыруға қолбайлау болып отырған бірнеше жайтты атады.

– Дәл қазір ұрланған телефондарды бірден бұғаттай алмаймыз. Себебі жағдай күрделі, өйткені бірдей  IMEI кодпен тіркелген 500-дей ұялы телефон бар, – деген министр осы саладағы жұмыстардың бір жарым жыл ішінде аяқталататын ескертті.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»