Қазақстан • 21 Маусым, 2017

Еліміздің әуежайларында қарыз төлеуге арналған терминалдар орнатылды

185 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Енді шет елгге шығуға тыйым салуды алып тастауға болады

Еліміздің әуежайларында қарыз төлеуге арналған терминалдар орнатылды

 «Қазпошта» АҚ баспасөз орталығының хабарлауынша, берешек төлеуге және елімізден тысқары шығуға шектеуді алып тастауға мүмкіндік беретін Қазпошта терминалдары бүгін Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалалары әуежайларында жұмыс бастады. Таяу арада мұндай терминал Ақтау қаласының әуежайында іске қосылмақ.

Мамыр айында Әділет министрлігімен бірігіп, Қазпошта өз бөлімшелерінде онлайн режимде берешек төлеуге және елімізден шығуға тыйым салуды алып тастауға мүмкіндікті іске қосты. Маусым айында берешектерді тексеру және төлем карточкасы арқылы төлеу үшін тәулік бойғы қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін www.post.kz-те функционал іске қосылды және мобильді қосымша арқылы. Бүгін Алматы, Шымкент мен Қарағанды халықаралық ұшу аймағында және Астана әуежайында берешектерді тексеру мен төлеуге болатын Қазпошта терминалдары орнатылды. 15 минут ішінде берешектерді төлеу жөніндегі ақпарат деректер базасына беріледі, 30 минут ішінде сот орындаушысының қатысуынсыз елден тысқары шығуға шектеу алынып тасталады.

Өз ЖСН-ді енгізе отырып, берешегіңіздің бар екенін тексере аласыз және терминал арқылы оны төлей аласыз. Төлем туралы ақпарат онлайн режимде «электрондық үкіметтің» төлемдік шлюзі арқылы берешектерді алдағы уақытта есептен шығару, шектеуді алып тастау және біздің азаматтарымыздың еш кедергісіз шетелге шығуы үшін ҚР атқарушылық өндіріс органдарының ақппараттық жүйесіне (ҚР ӘМ АӨО ААЖ) жолданады.   

Терминал арқылы жеке, заңды тұлғалардың пайдасына және мемлекеттің кірісіне (айыппұлдар, мемлекеттік баж салығы, өсім және т.б.) өндіріп алу бойынша берешектерді төлеуге болады. 

Терминал арқылы мерзімді өндіріп алу бойынша берешектерді, сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттардың талаптарын (мәжбүрлеу, міндеттеу, үйге кіргізу, үйден шығару) төлеуге рұқсат етілмейді.

Ескерте кету керек, Қазпошта терминалдары және бөлімшесі арқылы төлеу кезінде елден шығуға тыйымды автоматты түрде алып тастау тек 2015 жылғы 1 шілдеден кейінгі тыйымдарға қолданылады. 2015 жылғы 1 шілдеге дейінгі қойылған тыйымдар бойынша шектеулерді алып тастау бұрынғы қолданыстағы тәртіп бойынша, сот орындаушысына төлем туралы растаушы құжатты ұсыну жолымен жүзеге асырылады.  

Елден шығуға тыйым салу айыппұлды төлеген соң, 30 минут ішінде автоматты түрде алынып тасталады. ҚР заңнама талаптарына сәйкес, терминал арқылы берешектерді төлеудің максималды сомасын 2 000 000 теңгеге дейін шектеу белгіленген, терминал арқылы төлеуге тариф берешек сомасынан 1%-ды құрайды, бірақ әрбір төлем үшін 100 теңгеден кем емес.

Егер берешек сомасы 2 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса, клиент Қазпоштаның белгіленген тарифтеріне сәйкес, кез келген Қазпошта бөлімшесінде төлем жасай алады.

Еске сала кетейік, борышкерлердің елден шығуына тыйым салуға  2012 жылдың ақпан айында Бас прокуратура бастамашылық еткен болатын. Олар сот шешімі бойынша әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүрген Қазақстан азаматтарының шетелге шығуына шектеу қоюды ұсынған еді.

ҚР-нан тысқары жерлерге шығуға уақытша тыйым салу туралы ақпаратпен www.adilet.gov.kz ҚР Әділет министрлігі сайтына, «Қазақстан Республикасы шегінен шығуы уақытша шектелген тұлғалардың тізімі» бөліміне, сондай-ақ Қазпошта  post.kz порталы мен терминалдарына өз  ЖСН теру арқылы танысуға болады.