ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017

Паскаль Лоро: Франция Қазақстанға қолдау көрсету үшін келді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында Франция павильоні өзінің Ұлттық күнін атап өтті.

Паскаль Лоро: Франция Қазақстанға қолдау көрсету үшін келді

Іс-шараға Францияның Қазақстандағы Елшісі Франсис Етьен, ЭКСПО 2017 Франция павильонінің Бас комиссары Паскаль Лоро және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Паскаль Лоро өз сөзінде Франция Қазақстанмен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойған Еуропа елдерінің арасындағы алғаш мемлекеттерінің бірі екенін атап өтті.

«Осылайша екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық нығая түсті. Франция ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне Қазақстанға қолдау көрсету үшін келді. ЭКСПО-2017 екіжақты іскерлік қатынастырды одан әрі нығайтуға өз үлесін қосады деген сенімдемін», - деп атап өтті Франция Павильонінің комиссары.

Ұлттық күннің аясында «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС, «ЭрЛикидМунайТехГазы» ЖШС мен «ҚазМұнайГаз-қайта өндіру және маркетинг» АҚ арасындағы шартқа қол қойылды.

Сонымен қатар Франция Ұлттық күнінің қонақтары «Padam, Paname» спектаклі ұсынған Boudoir дуэтінің шығармашылығын тамашалай алды. Француз ұжымдарынан басқа сахнада Толқын Забирова және Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері өнер көрсетті.