Аймақтар • 22 Маусым, 2017

«Өскен өңір»

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінің және «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бірлескен жобасы

«Өскен өңір»

Арқа мен Алатау, Атырау мен Алтай арасын алып жатқан байтақ еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігі  – мемлекет дамуының жарқын дәлелі, айқын көрінісі. Әлемнің озық елдерінің қатарына қосылуға қарышты қадам жасап, алымды адыммен аттаған Қазақстанның әр өңіріндегі жоталы жетістіктер мен қалыпты даму ырғағы  – Тәуелсіздіктің ширек ғасырында қол жеткен толағай табыстың  нәтижесі.
Демек, ел өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нақты көрінісі, мәдениет пен білімнің жемісті нәтижелері туралы, жалпы аймақ тұрғындарының әл-ауқаты жайлы  тереңнен толғап жазу бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті болуы тиіс. Осы мақсатта жалпыұлттық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері мен «ҚазАқпарат» агенттігі бірлесіп «ӨСКЕН ӨҢІР» жобасын бас­тады.
Алғашқы сөз ел дамуына өзіндік үлес қосып отырған Ақтөбе облысы жайында болмақ.