Кездесу аясында қазынашылық операциялар саласындағы қызметтер мен инвестициялық банкингті дамыту, «JPMorgan Chase» қызметінің қазіргі жағдайы мен Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары қаралды.
Я.Тавровский Үкіметте қабылданып жатқан шаралар, солардың ішінде, жекешелендіру үдерісі Қазақстан нарығының инвестициялар салуға тартымдылығын арттыруға оң әсер етіп жатқанын айтып өтті.
Бұдан өзге, тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
* * *
Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ секторын технологиялық жаңғыртуды «Шеврон» вице-президентімен талқылады.
Тараптар аталған жоба Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, сондай-ақ ТШО-ның барлық серіктестеріне оң мультипликативті әсер беретінін атап өтті.
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында бекітілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында мұнай-газ секторын технологиялық жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, тараптар Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін талқылады.
* * *
Бақытжан Сағынтаев Polpharma өкілімен фармацевтикалық ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады.
Кездесу барысында Е.Старак Polpharma S.A. компаниясының Қазақстанда жүргізетін жұмыстарының алдағы жоспарлары туралы айтты. Тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен оған қолдау көрсету мәселелерін талқылады.
Бақытжан Сағынтаев «JPMorgan Chase» басқарушы директоры Я. Тавровскиймен қаржылық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 19:45
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Бүгін, 19:30
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Бүгін, 19:00
Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Президент • Бүгін, 18:21
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Президент • Бүгін, 17:48