Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең республиканың орталығының кей жерлерінде тұман түседі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, шаңды дауыл болады.
Қызылорда облысында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Кызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.