22 Маусым, 2017

Ұлт рухын ұлықтаған қайраткер

525 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Нәзір Төреқұлов XX ғасыр басындағы ұлы өзгерістер ке­зеңінде тарих толқынымен сах­наға шыққан күрескер. Дү­ниетанымы демократиялық ба­ғытта қалыптасқан мемлекет жә­­не қоғам қайраткері.

Ұлт рухын ұлықтаған қайраткер

Жи­ыр­масыншы жылдары Түр­кістан Рес­публикасының бірін­ші хатшы­сы болып сай­ла­нуының өзі көп жайт­ты аңғартқандай. Өйткені, ол жылдары Тұрар Рысқұлов, Сұл­танбек Қожанов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышпаев секілді «сен тұр, мен атайын» дерлік ірі тұлғалар Ташкентте шоғырланғанын, Нәзір солардың қалауымен жас Түркістан Рес­пуб­ликасының бірінші хатшысы болып сайланғанын ескерсек көп мәселеге көз жеткіземіз. Міне, осы бір күндерден басталған қай­раткерлік жол жалындаған жас­тық ғұмырын қиып түскен ста­линдік репрессияға дейін жал­ғас­ты. Ол бірде ағартушы, бірде бас­пагер, енді бірде елші болып бой тас­тай­ды. Соның қай-қай­сы­сында да халық қамын жеген қай­рат­кер дә­режесінен бірде-бір рет ауыт­қы­май өтті.

Нәзір Төреқұлов үлкен қалам­гер. Жастай жалындап өлең жаз­ған ол аласапыран уақытта Тор­ғайға барып «Қазақ мұңы» га­зе­тін шығарды. 1916–17 жылдары тол­қыған Торғай күрескерлер шо­ғырланған төңкерісшіл ойдың бе­сігі болғаны мәлім. Демек Торғайда демократияшыл ой­ға рухани тамызық берген, қо­ғамдық ойдың қозғаушысына айналған тұлға – Нәзір Төреқұлов Ташкентте «Темірқазық» журналын ұйымдастырып шығарып тұрды. Қаламы ұшталып, ойы толысқан ол қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде халықтың көкейкесті мәселелерін қозғап көптеген мақалалар жазып жариялады. Бұл орайда Нәзір Төреқұловты отты публицист ретінде танимыз.

Нәзір Төреқұлов «Біздің алдымызда қазір жаңа тарихымыз майданға қойған әрі шешілуі қажет мәселелердің бірі – тіл һәм әдебиет мәселелері екені шүбәсіз...

...Ұлт әдебиетімізді майданға шы­ғар­мақ үшін, ең әуелі, өз тұр­мысымызды білмегіміз, үй­рен­бегіміз, ел аузындағы әде­биетімізді жиып, тәртіпке, белгілі сарынға салмағымыз, өз жұртымызды әр жақ­тан білмегіміз керек. Бізге ұят: халқымыздың бай әдебиетін, оның ертегілерін, мақалдарын, күй­лерін, жырларын білуге, жи­науға құштарлығымыз жоқ. Егер халық аузынан жазып бір жерге жинасақ, оларды тәртіпке салсақ, әдебиетіміз, ғылымымыз үшін бір пайда шығара алатын кісілер табылып қалар еді...» – деген болатын.

Түркістан түлегі – Нәзір Төре­құ­лов қазақ әдебиетінің Сәкен Сейфуллиндей, өзбек әдебиетінің Чулпондай, Абдолла Қадыридей айтулы тұлғаларымен аяусыз сынасқан, тәжіктің Садриддин Айнидей қаламгерінің кітабына ал­ғы­сөз жазған, атақты түрколог Бартольдтың Түркістан туралы еңбектерін ғылыми саралаған сарабдал сыншы. Нәзір – білімдар әдебиет сыншысы болатын. Сыншы кісі кейде ұнай бермейді. Эстетика талабын айтқан Нәзір Сәкенмен, кейде Мағжанмен қи­ғаш келіп қалып жүрді. Кіммен қан­дай қатынаста жүрсе де, Нәзір же­ке бас қамын ойламаған адам, халық қамын жеді, әдебиет, ағарту мәселесін сөйледі.

Нәзір Төреқұлов қазақ, өзбек, тәжік тілдерін «ана тілім» деп біл­ген, татар, башқұрт, қырғыз, әзер­байжан тілдерінде оқыған, ағыл­шын тілін білген, аз уақытта араб тілін игерген – полиглот азамат, игерген білімін іске жаратқан үлкен оқымысты ғалым. 

1926 жылдың наурызында Бакуде өткен І Бүкілодақтық түркітанушылар съезінде түркі тілдес халықтар бірі екіншісімен тілдескенде өзара тез түсінісіп, бауырлас халықтар екендігін сезіне білулері үшін ортақ жазба қарпі қажеттігі туралы мәселе алғаш рет көтерілген болатын.

Бұл съездің жұмысына 131 түр­к­ітанушы ғалым, мұғалім, жо­ғары оқу орындарының оқы­ту­шы­лары, мемлекет және қо­ғам қайраткерлері, т.с.с. қатыс­қан болатын. Олардың арасында 5 қазақ – Ахмет Байтұрсынов, Нә­зір Төреқұлов, Біләл Сүлеев, Елдес Омаров және Бай-Сейдули Азиз болды.
Осы съезде түркі тілдес ха­лық­тардың жазбасын араб әліппесі не­гізінде жасақтауды жақ­тап сөй­­леген кейбір ұлт өкіл­дерінің пікірлерін сынап, түр­кі тілдес халықтардың бар­лы­­ғының бір қаріпті – латын қарпін қабылдауын негіздеп сөйлегендердің бірі Нәзір Төреқұлов болды. Яғни, оның сөйлеген сөзі: «...Ең алдымен түркітанушылар съезінің бүкіл түркі дүниесі үшін ерекше прогресті революциялық факт болғанын қадап айтқым келеді, мұны мына мағынада түсіну керек: бұл съезде ескі араб жазуын қол­дайтын бір де бір үн шықпады, де­мек ескі араб сауатының күні өткені, арамызда біржола кеткені деп түсіну керек.

... Бәсекеге түскені тек екі әліпби, бұл – реформаланған жаңа араб әліпбиі және латын әліпбиі... Ұлттық рухқа, барлық талапқа сай, «тарихи тамырлы» әліпби – Құран жазуы емес, латыншаға негізделген, жаңа жазуды ең заманауи, мәдени және техникалық негізде жасауға мүмкіндік беретін жаңа әліпбиі». Яғни ол, латын әліпбиін қолдады. Қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде оқулық жазды. Өмірінің соңында түркі тілдерін салыстыра морфологиялық зерттеу жүргізді. «Түркі халықтары кіндік баспасы» бас редакторы кезінде 12 тілде кітаптар ұйымдастырып, басып шығарып отырды.
 Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жа­ңа саяси бағыты» атты Қазақ­стан халқына арнаған Жолдау­ын­да: «Біз 2025 жылдан бастап әліп­би­і­мі­зді латын қарпіне, әліпбиіне кө­шіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мә­селе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Ба­лаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіс­піз және бұл әлеммен бірлесе тү­суімізге, балаларымыздың ағыл­шын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп атап өтті. Елбасы осы айтқанын «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында одан әрі тиянақтап берді. Қазіргі таңда бұл мәселе қоғам тарапынан қызу қол­дауға ие болуда. Осы мәселе бой­­ынша ғалымдар, тілшілер, сая­сат­керлер, қарапайым халық ойларын ортаға салып жатыр.

Н.Төреқұлов тіл, өнер-білім жөніндегі өз толғауын келесі тұр­ғы­да айтып өтті:

1. Тіл деген кабинетте жасал­май­ды. Қазақ секілді езілген ұлттың тілі үкімет кеңсесіне кіріп, күн сайын жұмсауда болса ғана белі, буыны қатаяды. Қазақ тілінің кеңсеге емін-еркін кіріп-шығуы одан арадағы «тілмаштарды» қуып шығарар еді.

2. Елдің елдігі, теңдігі өнер-білімге байлаулы. Сондықтан ел бас­тайтын сауатты оқығандарды көптеп шығару, дайындау керек.

3. Орталық үкіметтің жар­лы­қ­тарын әрбір ұлттық топтардың тұр­мыс ерекшеліктеріне лай­ық­тауға әсер етеміз. Бұл ұлттық бөлімдерді (қазақ, өзбек, түркімен) ашу кезінде біз осындай мақсатты алға тартқан едік.

4. Алдымен айтып алайық, пат­ша үкіметі Ресейде орыстан бас­қа ұлт бар деп білмейтін, білгісі де кел­мейтін еді. Патшаның мақсаты мы­нау: бұратаналардың біржолата тұқымын құрту, болмаса орыс қылып жіберу.

5. Бізге алдымен жаңа мектеп керек деген пікірді тарату жолында алысуға, әдебиеттің жоқтығы се­кіл­ді бөгеттермен арпалысуға ту­ра келіп отыр.

6. Көп шетел сөздері, терминдер қазақ тіліне қазақ тұмағын кимей кіріп барады. Басқаның сөзін бұз­бай айтамын деп тіліңді бұрап жүргенде, өз тіліңнен айырылып қаларсың.

Нәзір Төреқұловтың Түркіс­тан­дағы қызметі аса бір күрделі қиын кезеңге – жаңа қоғамның әлеуметтік мұраттары жүзеге асы­рылған ауқымды әлеуметтік сынақ уақытына тұстас келді. Л.Троцкийдің пікірінше, ж­ұ­мыс барысында кедергі аздай жергілікті саяси топтарға «орталықтан жіберілген басшылар... дем беріп, желіктіріп, түптің түбінде өз үстемдігін нығайтты... орталықтың саясатына қатысты мәселелерден шебер бұрып әке­тіп отырды...». Мұндай аласапы­ран­да өз танымы мен берік тоқ­та­мын жүзеге асыру Нәзірге оңай­ға түсе қоймады. Әйтсе де ол прин­циптеріне адалдық танытып, еш­кімге бас ұрмады, ұлтын, жолдас­тарын жасытып, сатып кетпеді. Әділдік орнығар деген үмітпен ғұмыр кешіп, еңбек етті.

Сол қызыл империя сая­са­ты­ның бел ортасында жүріп мұ­сыл­мандықты сақтауды насихаттады, қорғады, қолдады. «Ислам және коммунизм» атты мақаласында ислам діні мешеу қараңғылықта қал­дырады деген қағиданы өмір­д­ен тәжірибелер келтіре отырып те­ріске шығарады. Мұсылман халықтарының жағдайларын жақсарту мақсатында 1929 жылы бүкіл Түркістан Республикасының көлемінде демалыс күнін жұмаға ауыстыру, ораза, құрбан айт сынды мұсылман халықтарының мерекелерін демалыс деп жариялауы өзінің кеудесін оққа тіккенмен тең еді.

1928 жылы небәрі 36 жасында ол Хиджаздағы (Сауд Арабиясы) КСРО-ның өкілетті уәкілі болып тағайындалады. Ол кезде мұндай жауапты қызметке жас адамның тағайындалуы дипломатиялық тәжірибеде өте сирек кездесетін жа­йт. Араға екі жыл салып, Нәзір Төреқұлов КСРО-дағы тұң­­ғыш қазақ елшісі атанды. Жаңа­дан іргесі қаланып, әлемді тек мұ­найымен ғана емес, рухани бай­лығымен аузына қаратқан Сауд Арабиясына КСРО-ның ел­шісі болу әншейінгі кезекті қыз­мет емес еді. Бұл елге елші таң­даудың өзі үлкен саясаттың же­місі болатын. Тағайындау алдында мұсылмандығы, қа­бі­леті, білім дәрежесі, қазақ хал­қы­ның өкілі екендігі бәрі-бәрі ес­керілген. Оның үстіне Түркістан Автономиясында оқып, білім алғаны, қызмет істегені еске алынды. Осылай ол алып империяның өкілі ретінде шет елде 8 жыл бойы қайраткерлік көрсетті. 

Н.Төреқұловтың КСРО дипломатиясы мен саяси тарихындағы алар орны ерекше екендігіне ешкім шүбә келтірмес. Бірақ, осыншама еңбек атқаруына қара­мас­тан, Алаштың абзал арыс­та­ры С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин сияқты Н.Төреқұлов та кеңес үкіметінің солақай сая­са­тының құрбаны болды. Бір айыр­ма­шылығы, Н. Төреқұлов дербес мем­лекет құруды ар­мандаған алаш­ордалықтардың құрамында бол­ғаны үшін емес, мұсылман елдер өкілдерімен тығыз байланыста болғаны және мұсылмандық дінді сақтап қалуды үгіттегені үшін кеңестік жендеттердің қолдарынан мерт болды. Бірақ, кеш болса да 1958 жылы толығымен ақталды.

Жалпы, Н.Төреқұловтың Қаза­қстанның дипломатиялық және саяси өмірінде үлкен рөлі бар. Ол ақиқат нәрсе. Оның есімі Таяу Шығыс елдері дипломаттары, араб тарихшылары арасында кеңінен тараған. 

Н.Төреқұловтың тұлғасы Абай мен Шоқанның ұлы мұрасының ық­палымен Әлихан, Ахмет, Мір­жақып, Жүсіпбек және бас­қа­лар­мен рухани дидарласу арқылы қалыптасты. 

Осынау жауапты орындарда өз халқының мүддесіне адал қызмет атқарып, оның бақытты болашағы үшін күресті, өз халқының тарихында айтулы соқпақ қалдырды. Бүгінгі және келер ұрпақ оның әруағы алдында басын иіп, мәңгі жа­дында ұстауға тиіс. Жаңа де­мо­кратиялық мемлекеттің хал­қы өз елінің өткендегі және қазіргі тарихын жетік білгенде ғана алға басады.

 Сонымен, халқына қалтқысыз қызмет етіп, соңына өшпейтін мол мұра қалдырған алаштың адал перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Н.Төреқұлов жұлдызы жыл өткен сайын нұрланып, жарқырай бермек. Оның өнегелі мұрасы тек қазақ дипломатиясына ғана емес, келешек сабырлы да салиқалы саясатымызға үлкен жол ашары анық. Ұлт рухын ұлықтаған халқымыздың осындай тұғыры биік асыл тұлға азаматын кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақтағаны абзал. Ер есімі ел есінде және болашақ ұрпақтың жадында нақышпен тасқа жазылғандай мәңгі қала бермек. 

Әбдіжапар Сапарбаев,
«Нәзір Төреқұлов» халықаралық 
қайырымдылық қорының президенті,
экономика ғылымдарының докторы, профессор