Аймақтар • 22 Маусым, 2017

Көкжырада «Елбасы аллеясы» ашылды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылының кіреберісінде «Елбасы аллеясы» ашылды.

Көкжырада «Елбасы аллеясы» ашылды

2010 жылдың наурыз айында ауданның бірнеше елді мекенін тасқынның суы жайлап, қырдағы ағайын ай мен күннің аманында қорадағы малынан айырылып, үйлеріндегі дүние-мүліктері жарамсыз болып қалған еді. Сын сағатта жағдайды Елбасының өзі тікелей бақылауына алып, айналасы екі-үш айдың мұғдарында Көкжырада – 210, Жәнтікейде – 191, Көктүбекте – 24, Ойшілікте – 8, Шорғада – 7, ұзын саны 443 үй жаңадан салынған-ды. Екі бірдей жаңа ауыл бой түзеген еді сол кезде. Президент Тарбағатайға арнайы келіп, Көкжыра ауылының тұрғындарына өз қолымен жаңа баспананың кілтін тапсырған болатын. 

«Елбасының еңбегіне көрсеткен халықтың шынайы құрметі ретінде Мемлекет басшысының тікұшақтан түсіп, табаны алғаш тиген жерге, яғни, Көкжыра ауылының кіреберісіне «Елбасы аллеясын» салуды құп көрдік. Бұл жер алдағы уақытта ауыл тұрғындарының сүйікті орнына айналады деп сенеміз», – дейді аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы