Аймақтар • 22 Маусым, 2017

Астанада түнгі құрылыс жұмыстарына тыйым салынды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімі Әсет Исекешев тұрғындардың тыныштығын бұзбас үшін түнгі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салды.

Астанада түнгі құрылыс жұмыстарына тыйым салынды

«Бәрімізге белгілі, көлік қозғалысын жақсарту бойынша қабылданған шаралардың бірі, жүк көліктерінің қозғалысына сағат 06.00-ден бастап 23.00-ге дейін тыйым салу шешімі. Бұл ретте, бірқатар құрылыс компаниялары түнде белсенді жұмыс істеп, жақында орналасқан үйлердің тұрғындарына ыңғайсыздықтар туғызды. Сол себепті,  ЭКСПО-мен байланысты негізгі іс-шаралардың легі өткенін ескере отырып, бүгін әкімдік үздіксіз технологиялық процестерді қажет ететін, бетон мен асфальтты-бетонды қоспаны тасымалдайтын жүк көліктерінің сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, сондай-ақ 15.00-ден 17.00-ге дейін (яғни, көлік қарбаласы уақытында емес) белгілі бір көшелермен жүруіне рұқсат беру шешімін қабылдады. Онымен бір мезгілде, тыныштықты бұзатын түнгі құрылыс жұмыстарына тыйым салуды тапсырдым. Мұндай бұзушылықтар болған жағдайда полицияға немесе 109 қызметіне хабарласуды сұраймын, шаралар қолданылатын болады», - деп жазды әкім Facebook-тегі парақшасына.