Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қоғамдық кеңес мүшелелеріне өңірдің бес айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты әңгімелеп, проблемалық мәселелерге көбірек тоқталды.
«Нақты мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер салықты аз төлейді, еңбекақы мөлшері төмен. Кәсіпорындарының былтырғы кредиторлық қарызы – 613 миллиард. теңге. Агроөнеркәсіп кешенінде бес айдағы орташа еңбекақы – 66 мың теңге ғана», деді Құмар Іргебайұлы.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін ірі шаруашылықтардың 106-сы ғана табысты жұмыс істеп отыр. Астық өндірісін әртараптандыру–кезек күтпейтін басты мәселе . Майлы дақылдар алқабы 712 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Бұл республика бойынша барлық майлы дақылдар көлемінің 30 пайызын құрайды. Таяу жылдары майлы және бұршақты дақылдар алқабын бір миллион гектарға дейін ұлғайтылмақ.
Мал шаруашылығында да толғақты проблемалар аз емес. 3800-ден астам серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының 29 пайызы ғана мал өсіреді
Қолдағы 13500 трактордың 73 пайызы тозған. Жұмыс істеп тұрған зауыттардың өніміндеріне сұраныс артса, тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосу күн тәртібінен түспек емес. Жергілікті маңыздағы жолдардың 45 пайызын өте нашар деңгейде. Биыл оларды қалпына келтіруге 10 миллиард теңге бағытталады. Жыл аяғына дейін 200 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі
Жиында сөз алған қоғамдық кеңес мүшелері облыс әкімінің есебіне оң баға берді.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».