04 Қазан, 2011

Отанға шексіз қызмет етудің өнегесі

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төралқасымен кездесті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. – Біз Қарулы Күштер ардагерлеріне ри­за­мыз. Олардың арқасында әскердегі және әскерге шақырылушы жастарға патриот­тық тәрбие беруге көптеген пайдалы жұ­мыс­тар атқарылды, – деп атап  өтті. Қор­ға­ныс министрі. – Ардагерлер бірлестігі шын мәнінде бізге  Қарулы Күштерге  белсенді көмек көрсете алатын күшке айналды. Отанымызға жанқиярлықпен қызмет ет­кендер бүгінде Қазақстан армиясына  офи­церлер корпусының  кәсібилігін арт­ты­руға өз көмектерін көрсетіп келеді. Олар әскерге  шақырылушы жастармен кездеседі, ата-аналармен бірге жастарды армия қатарына өздерінің конституциялық борышын өтеуге аттандырады, бұл, әрине, жақсы дәстүр. Қарулы Күштер ардагерлері бүгінде сапта: жас азаматтарға өздері өмірде басшылыққа алған патриоттық идеяларын үйретуден жалықпайды. Олар жеңіл жол таңдаған жоқ, өз жолдастарын жолда қал­дыр­мады, аспандағы жұлдызға қол соз­бады. Жұлдыздар олардың өздерін тапты, алғыс пен мақтауға ие болды. Болашақ Отан қорғаушылардың сөзімен айтқанда, Отанға шексіз қызмет етудің өнегесі болған ардагерлермен кездескен әрбір сәт олардың  мәңгілік естерінде қалмақ. Кездесу соңында қорғаныс ведом­ствосының басшысы Қазақстан армия­сы­ның запастағы және отставкадағы гене­рал­да­ры мен офицерлеріне белсенді патриот­тық жұмыстары үшін алғыс айтты, соны­мен бірге, «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі ұй­ым­дастыру жағынан күшейіп, халықаралық салада өз қызметінің бағытын кеңейте түсуі қажеттігін атап өтті.